Егер Өзбекстан Түркіменстанмен келіссөздерде жақсы нәтижеге қол жеткізсе, онда бұл Мирзияев Орталық Азиядағы саяси реформаларды жүзеге асыруға қабілетті дегенді білдіреді, деп есептейді сарапшы Григорий Лукьянов.
23-сәуірде Түркіменстан президенті Гұрбангұлы Бердімұхамедов іссапармен Өзбекстанға келді. Кездесудің нәтижелері бойынша екіжақты 16 құжатқа қол қойылды, олардың ішінде, Түркіменстан, Ауғанстан, Пәкістан және Үндістан (ТАПҮ) газ құбырын салу туралы келісім де бар, деп жазды Sputnik Өзбекстан.
«Бұл кездесу туралы жергілікті БАҚ белсенді әрі жан-жақты жазған, ақпараттық кеңістікте қажетті көзқарас тудыруға ерекше мән берілді.Мұның барлығы осы сапарға Түркіменстан басшысының қанша үміт артып отырғанын көрсетеді», — дейді осы мәселеге көңіл бөлген Таяу Шығыс жөніндегі сарапшы Григорий Лукьянов.
Сарапшы атап өткендей, қаланың безендірілуі де, ақпараттық кеңістікте қажетті көзқарасты тудыру да Тәшкеннің екі ел арасындағы қарым-қатынасты ретке келтіріп, дамытуға қаншалықты ынталы екенін көрсетіп отыр.
«Өзбекстан үшін бұл бұл елеулі қадам әрі Мирзияев саясатының қаншалықты жемісті екенінің көрінісі»,
— дейді ол.
https://kaz.365info.kz/karimovtyn-musorysyndar-mirziyaev-ne-byldirip-zhatyr-video-305346
Өйткені, Лукьянов атап өткендей, Түркіменстан интеграциялық жобаларға мән бермей, назарына алып отырған жоқ, сондықтан көптеген сарапшылар мен саясаткерлер өзін өзі оқшаулап отыр, деген пікірде.
«Егер Өзбекстан жағымды нәтижелерге қол жеткізетін болса, онда бұл жаңа президенттің шамасы тек экономикалық реформаларды жүзеге асыруға ғана емес, сондай-ақ бүкіл Орталық Азиядағы саяси жүйені жаңартуға жетеді деген сөз», — деген сенімден сарапшы.
https://kaz.365info.kz/tyndamaj-zhatyr-eken-mirziyaevtyn-tagdyry-ne-bolmakh-302586