Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Шалдың мұнысы несі?”. “Қазақ елі” сериалындағы масқара қателікті көрдіңіз бе?

1. Көз жұмған баласына дәл киіз үйдің түбінен (200 қадам жер-ау шамасы) қабір қазған қандай қазақты көріп едіңіз?

2. Қабір басына мәйітті жатқызып қойып, кемпірге жоқтау айтқызу не үшін қажет болды?

3. Мәйіттің жанына әйелдерді отырғызып жоқтау айтқызып қойып, жалғыз шалдың қабір қазып жатуы нені білдіреді?

4. Киіз үйлерді жер жетпегендей өте жақын тіккен. Киіз үй емес, сахалардың лашығы секілді бірдеме…

5. Әбілқайыр Шайбанидың немересінің басында өзбектің атласы неге жүр?

6. Ханның мұрагері саналатын еркетотай немере атасының ордасына атпен кіріп кетуі ақылға сыймайды. Атты бастықтыратындай жігерден ада жігіттің актерлік шеберлігі күлкі шақырады. 

7. Аң аулауға шыққандар түлкіге дәл ауылдың (киіз үйлер көрініп қалды) іргесінен бүркіт салуы – білімсіздік пе, жоқ әлде… Не аң, не сериал түсірушілердің ақылы орнында емес деуге болады.

Әрине, сериалды толық көріп шықпағандықтан қазірге осы жеті дерекпен тоқтай тұралық. Алда, мұнан да сорақы қателіктер кездеспесе екен деп тілейміз.

“Бұл сериал қазақтың рухын көтеру үшін емес, ұлтты масқаралауды мақсат еткен” деуге әлі ерте. Бірақ, басталуы көрерменнің көңілін қалдырғанын мойындауымыз керек.

 

Дереккөз: Abai.kz  

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз