Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Шалдарға дейін қырындайды” — ажырасқан қыздың мұңы

411

Жұмысқа орналасып, өмірімнің жаңа кезеңі басталды. Балаларыма анам қарайды. Осылайша үш жыл да өтіп кетіпті. Жасым қазір 33-ке келді. Міндетті түрде тағы да тұрмысқа шығуым қажет деген ұстанымым жоқ. Мен үшін маңыздысы тән құмарлығына емес, сүйіспеншілікке негізделген қарым-қатынас. “ЗАГС-те” ресми тіркелмесек те болады. Еркектер менен қашпайды, керісінше, жұмыста сөз айтатын жігіттер бар. Бірақ, ешкіммен жеңіл-желпі қарым-қатынаста болғым келмейді, маған олар ұсынған қарым-қатынастардың қажеті жоқ. Ешкімнің қолжаулығына айналғым келмейді.

Әсіресе, жабысатындар ересектеу, 40-қа жақындап қалған, отбасылы еркектер.

Ажырасқанымды, балаларым бар екенін естісе, қанша уақыт болды жалғыз жүргеніңе?” деп сұрайды.

Сосын “жаны керемет ашып”: – “қалай шыдап жүрсің? Бір жерге барып отырсақ қайтеді? Ары қарай бір тыныш жерге барсақ”, – деп тамырымды басып көреді.

Сондағысы “жалғызсырап” жүрген мені бақытты етіп, сауабын” алмақ қой.
https://kaz.365info.kz/azhyras-anymdy-beker-ajttym-zhigitter-nege-zhaman-ojlajsy-dar-244138

Енді біреулерінің осыған ұқсас ұсынысынан бас тартсаң: неткен салқын әйелсің, “фригидный болып кеткен жоқсың ба?” деп, теріс айналады. Күдер үзбеген кейбіреулері осылай етегіңе намаз оқып жүресің бе? деп, я болмаса “ойнап күлу керек, өмір деген ертең- ақ бір күндей болмай өте шығады, өкініп қаласың”, деп пәлсапа соғатындар да кездесті.

Отбасылы еркектердің біразы мені тоқал ретінде алып, «бөлек отауға» ие еткізгісі келіп, ақшадан да, басқасынан да тарлық көрмейтінімді айтып, қулана күліп, алақанымды саусағымен жыбырлатып қояды.

Енді біреуі алдымен төсекте бір-бірімізге келеміз бе, соны көру керек”, дейді. Тіпті Мен секстің әр түрімен айналысқым келеді, саған жыныстық қатынас ұнай ма?“, деп төтесінен сұрайды. Осындай сөздерді естігенде қатты жүйкем жұқарып, тіпті қорланатын кездерім де болады.

Басында осы жігіт салмақты сияқты, дұрыс ниетпен басталған қарым-қатынас деп ойлайсың. Бірер аптадан соң өтіріктері шығатындар да бар. Тіпті қарызға ақша сұрайтындары да кездеседі. Көзқарасы түзу, салмақты, салиқалы жігіт кездестірсем деген үмітім сөйтіп құм болады.

Жігіттердің көбі қазір бірден төсек қатынасын ұсынатын болғандай. Бір-екі рет төсекте пайдаланып кеткісі келетіндер жетіп артылады.

Жалпы,

ажырасқан келіншектерге еркектер “жеңіл” қарайды… “Олардың жоғалтатын ештеңесі жоқ”, деген қу ниеттен туған ойлары болса керек.

Ажырасқан жандардың бәрі ардан безген емес қой… Қолдан келсе, кез-келген адам бақытты болып алмай ма?

Тағдырдың жазуынан ешкім асқан емес. Солай емес пе?
https://kaz.365info.kz/bajynan-bezingen-bajbishe-258052

Аяжан Төрехан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз