Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Шахматтан өткен әлем чемпионатында қазақ қызы бас жүлдені иеленді

155

Оқушылар арасындағы шахматтан әлем чемпионаты Румынияның Яссы қаласында өтті. Оған әлемнің 45 елінен келген 570 спортшы қатысқан, олардың арасында 33 қазақстандық бар.

Тоғыз турдың қорытындысы бойынша 15 жастағы Әсел Серікбай 8,5 ұпай жинап І-орынды иеленсе, 13 жастағы Назерке Нұрғали 7,5 ұпаймен күміс жүлдегер атанды.

“Еңбексіз жетістікке жету мүмкін емес. Спортшы қыздарымыздың жеңісі — еңбекқорлық пен патриотизмнің, күш-жігердің тамаша үлгісі. Әсел, Назерке, сендердің осы жеңістерің мыңдаған ұл-қыздарымыздың шахмат ойынына деген қызығушылығын оятады деп сенемін”, — деп Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қыздарды құттықтады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз