Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Шахматшы қызымыз Динара Сәдуақасова әлем чемпионы атанды

Чемпионат барысында Динара Сәдуақасова көш бастап, 13 шахматшының ішінен 9,5 балл жинады. Екінші орынға ресейлік, үшінші орынға үндістандық шахматшы тұрақтады.

Жарыс швейцариялық жүйе бойынша 13 турмен өткізілді. Зияткерлік шайқас екі аптаға жалғасты. Динара қыздар арасында әлем чемпионы атанды, бұл шахматшылар арасындағы ең маңызды екінші атақ. Алда жаңа жеңістер мен ең маңызды турнир – әйелдер арасындағы чемпионат бар.

Динара Сәдуақасова – елімізде шахматтың дамуына елеулі үлес қосқан жас гроссмейстерлердің бірі. Елордалық Омаров атындағы шахмат клубында бес жасынан бастап тәлім алып жүр. Динара шахматпен қатар музыка мектебінің фортепиано сыныбын үздік аяқтап, көркемдік гимнастикамен шұғылданады. Шахматқа біржола бет бұрған ол сегіз жасында әлемдік деңгейдегі жарыста топ жарады.

Динара Сәдуақасова үш дүркін әлем чемпионы, Азияның үш дүркін вице-чемпионы және Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз