Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Шаханда құлаған үйдің от жағушысына іздеу жарияланды

Еске сала кетсек, 1 қаңтар күні 22 сағат 40 минут шамасында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Шахан кентінде көпқабатты үйдің құлағаны жөнінде арнайы хабар келіп түскен. Қираған үйдің үйінділерінен 9 адамның мәйіті табылды. Олардың 3-і  ер адам, 3-і – әйел адам, тағы үшеуі – балалар.

Үйдің құлауына 4-ші подъездің жертөлесінде орналасқан қазандықтың жарылуы себеп болған. Құлаған үй 1987 жылы салынған. Апат болған подъезде 10 пәтер болған. Әкімдіктің мәліметтері бойынша, үйде 118 адам тұрып жатқан. Құлаған подъезде 25 тұрғын, қонақтарды қоса алғанда шамамен 30 адам болған. Шахандықтар орталықтандырылған жылу жүйесі болмағандықтан жылу мәселесін өздері шешкен. Билік өкілдерінің мәліметтерінше, жаңа қазандық салу жоспары 2013 жылға қойылған. Жоба-сметалық құжаттар дайындалғанымен қаржы мәселесі қолбайлау болып келген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз