Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

«Сергек мен сені жек көремін». Айыппұлдар жұлдыздардың қалтасын қағуда

794
Сурет: 365info.kz коллажы
Әртістер әрқашан қозғалыс үстінде, үнемі бір жаққа кешігіп жүреді. Бір күнде бірнеше тойда болады. Өздерінің өнері мен сахналық образдары, түрлі шараларды ойлап жүретін олар жол ережесін бұзған сәттерін тіркеп, айыппұл жазып беретін қырағы фототұзақтар туралы ұмытып кетеді. Жол ережелерін бұзу әрекеттерінің ішінде жылдамдықты арттыру, бағдаршам белгілерін сақтамау, жолақтарды кесіп өту жиі кездеседі.

Нұржан Керменбаев бір кездері 300 мың теңгеден асатын айыппұл төлеген

«Бір жолы мен 350 мыңға жуық айыппұл төледім. Бұл ең үлкен айыппұл болды, одан кейін үнемі 20-30 мыңнан төлеймін, дәстүрге айналып кетті. Соңғы уақытта орнатылған видеокамераларды айтатын болсақ, әзірге ешнәрсе келмеді. Шынымды айтсам, мен камераларды мүлдем байқамаймын», — деді  Нұржан Shownews.kz. бағдарламасында.

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Жахан Отарғалиев Жаңа жылдың алдында ғана 270 мың көлемінде айыппұл төледі. Шоумен жаңа технологиялар оның жүйке жүйесіне ғана емес, сондай-ақ әмиянына да әсер етіп жатқаны туралы мойындады.

«270 мың төлегеннен бері екі ай өтті. Сергек, мен сені жек көремін. Мүмкін ол біреуге керек те шығар, бірақ маған керек емес», — деп Жахан өз пікірін білдірді.

Сурет әлеуметтік желіден алынды

«Өнер қырандары» театрының актері Жанболат Найзабеков өзінің анда-санда жол ережесін бұзып тұратынын жоққа шығармады.

«Мен 150 мың теңге төледім. Мойындаймын, біз концерттерге, тойларға, басқа да шараларға асығып, камераларды байқамаймыз. Бірақ біз де басқалар секілді айыппұл төлейміз», — деді Жанболат.

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Ал көп балалы әке Дәурен Айдарқұлов бір тиын да төлемеген және қанша сома жиналғанын да білмейді.

«Мен әлі төлемедім. Онда біраз сома жиналып қалған шығар. «Сергек» ұстамасы ұстағанда төлеймін деп», — деп әзілдеді Дәурен.

Сурет әлеуметтік желіден алынды

«Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені — видео бақылаудың интеллектуалды жүйесі. Ол қала көшелері мен жолдарындағы құқықбұзушылықтарды тіркейді, талдайды және болжам жасайды. Сертификаты бар бақылау-өлшеу аспабы.

«Сергекте» видео тіркеу модулінің желісі мен суреттерді жазу және тану, ақпаратты талдап, өңдей алатын интеллектуальды жүйе бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз