Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

“Сенген “болашағым” сен болсаң!”. Бишімбаев тұтқындалды

Айта кетейік, 2016 жылдың 30 желтоқсанында ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүріп жатқаны белгілі болған еді. ҚР СІМ басшылық құрамымен кездесуінде Нұрсұлтан Назарбаев Қуандық Бишімбаевтың қызметтен босатылғанын мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, 29 желтоқсанда Тимур Сүлейменов ұлттық экономика министрі болып тағайындалған болатын. Оған дейін бұл министрлікті Қуандық Бишімбаев басқарған болатын. Ол бұл қызметте 8 ай ғана болған. Қуандық Бишімбаев ұлттық экономика министрі қызметіне дейін “Бәйтерек” холдингін басқарған. 

17 қарашада “Бәйтерек DEVELOPMENT” АҚ басшылары ұсталған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы “Бәйтерек DEVELOPMENT” АҚ басшысының пара алу дерегіне қатыстысотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізген еді. Тергеу барысында “Бәйтерек DEVELOPMENT” АҚ лауазымды Жақыпов А. (Басқарма төрағасының орынбасары), Айтымбетов Б. (мемлекеттік-жекеменшік серіктестік дирекциясы департаментінің басшысы) және Сариев Ғ. (басқарушы директор) есімді лауазымды тұлғалар жүйелі түрде “Нұрлы жол” мемлекеттік бағдарламасы аясында жалдамалы тұрғын үй кешенін сату қызметтерін көрсететін құрылыс компанияларынан ірі көлемде пара алғаны анықталды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз