Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Сендерге де жетеді!”. Зейнетақы қоры басшысы 20 жылдан кейін зейнетақы қалай төленетінін айтты

Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің отырысында “БЖЗҚ” басшысы қазіргі уақытта зейнетақы төлемдері екі көзден –  мемлекеттік бюджеттен (базалық және ынытмақты зейнетақы) және БЖЗҚ-дағы азаматтардың жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарынан төленетінін хабарлады. Оның айтуынша, “Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” заңға сәйкес, ынтымақты зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін кемінде 6 ай еңбек өтілі бар тұлғаларға беріледі.

Ал 2040 жылдары зейнетке шығатын, 1998 жылдың 1-қаңтарына дейін еңбек өтілі жоқ азаматтар мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық зейнетақы мен БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотындағы жинақтарына иек арта алады.

Осылайша, Нұрбибі Наурызбаева зейнетақы төлемдерін тұрақты аудару арқылы жеке зейнетақы капиталын қалыптастырудың маңызды әрі қажетті екенін баса атап өтті. Яғни, базалық құрамдауыштың жойылатыны жөнінде ешқандай әңгіме болмаған.

Сәйкесінше, бюджеттен тағайындалатын базалық зейнетақының 2018 жылдың 1-шілдесінен бастап, еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу уақытына тәуелді болатыны атап көрсетілді.

Бұдан бөлек, мемлекет салымшылардың БЖЗҚ шоттарындағы міндетті зейнетақы жинақтары сақталуы үшін жауапкершілікті өз мойнына алады.

“БЖЗҚ” АҚ басқарма төрайымы бұқаралық ақпарат құралдарында тараған базалық зейнетақы жойылады және “мемлекет зейнетақы сыйақысы үшін жауапкершіліктен бас тартады” деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз