Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Сенбейміз!..”. Қоғам белсенділері зорланған баланы тәуелсіз сарапшыларға тексертпек

178

Десе де, қоғам белсенділері және заңгер Ержан Есімханов вице-министрдің сөзіне де, жүргізілген экспертизаның қорытындысына да сенбейтіндерін айтып отыр. Олар зәбір көрген оқушыны тәуелсіз сараптамадан өткізу керек дейді.

Осындай бастама көтергендердің қатарында танымал блогерлер Жанна Ахметова мен Жанна Ильичева да бар. Олар баланы әжесімен бірге Алматыға әкеліп, өзге дәрігерлерге тексертіп көрмекші.

https://kaz.365info.kz/shoshyna-beredi-shymkentte-alty-bala-1-synyp-okhushysyn-zorlap-zhyr-306166

«БАҚ арқылы баланың зорланбағанын ресми мәлімдеді. Экспертизаны кім жүргізді? Әрине, сол ауданның мамандары. Біз сіздермен өте жақсы білеміз, егер расымен де зорланғаны дәлелденсе, онда талай лауазымды тұлғаның басы кетеді. Мектеп директорлары, олардың орынбасарлары, мұғалімдер, полицейлер және қатысы бар өзге де лауазым иелері жауапқа тартылады.

Маған сенсеңіздер, таяқтың бір ұшы, тіпті, облыс әкіміне де тиюі мүмкін!

Сондықтан, біз бұл жайтты өзіміз тексеруіміз керек. Қазір бізге әжейдің тасымалымен көмектесеміз деп отыр.

Мен оны немересімен бірге Алматыға әкелмекпін және тәуелсіз сараптамадан өткіземін.

Жұмылып көтерсек аса қымбатқа түсе қоймас», – деп жазды Жанна Ахметова өзінің Facebook-парақшасында.

Оның айтуынша, егер расымен де бала зорланбаса, онда оны ең бірінші болып тексерген дәрігер жазалануы тиіс.

Өйткені, ол оқушының зорланғанын айтып, дереу дабыл қаққан және полицияға хабар берген.

https://kaz.365info.kz/7-zhasar-balany-zhabylyp-zorlau-isin-oblystykh-iid-basshysy-zheke-khadagalauyna-aldy-306218

«Бізге жай ғана теріске шығару жеткіліксіз. Егер расымен де өтірік болса, онда баланы ең алдымен тексеріп қорытынды шығарған дәрігерді лицензиясынан айыру керек. Сондай-ақ, ең бірінші болып мақала жазған БАҚ-ты да жазалау қажет. Өйткені өтірік ақпарат беру теракт жасағанмен бірдей», – дейді ол.

Жанна Ильичева болса, бала құқықтарымен айналысатын министрлер мен депутаттарды Астанада омалып отыра бермей, ОҚО-ға барып, мәселенің мән-жайын өз көздерімен көріп қайтуға кеңес берді.

«Бұл сараптама сол былық болған жерде жасалса, оған сенуге болады ма? Ертең баланың әжесін “жала жапты” деп, соттап, баланың өзін қиын балалар тізіміне енгізіп қойса, мен таң қалмаймын.

https://kaz.365info.kz/isti-zhauyp-tastajdy-zanger-okhushyny-zorlau-okhigasyna-khatysty-ashhy-shyndykhty-ajtty-306361

Балалардың құқығына жауапты министрлер, депутаттар және өзге де құзырлы орган өкілдері, құйрықтарыңызды жұмсақ креслодан көтеріп, мәселенің мән-жайын білу үшін оқиға орнына барыңыздар,

ОҚО Марс планетасында емес қой, ол да өзіміздің елде», – деп жазды Жанна Ильичева.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз