Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Сенатор тыйым салынған қаба сақал мен қара киімге қатысты пікірін айтты

Оның айтуынша, Қазақстан діни мемлекеттер сияқты бола алмайды, себебі бізде араб елдері мен Израильмен салыстырғанда дін мен мемлекет арасында айырма бар, олар екі бөлек.

“Діни елдерде басқа заңдар жүзеге асырылады. Біз басқа елді мысалға алып, өз елімізді солар сияқты толықтай өзгерте алмаймыз. Біз зайырлы мемлекеттің заңдары бойынша өмір сүреміз, сондықтан мүмкіндіктерді барынша қарастыру керек”, – деді депутат.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы қысқа балақ пен сақал қоюға тыйым салу керектігін айтқан еді.

“Діни сауатсыздығының нәтижесінде жастарымыз сақал қойып, шалбарының балақтарын қысқартып тастайды. Қара көйлек киіп, беті-аузын тұмшалаған қыздарымыздың қатары көбейді. Бұл біздің дәстүрімізге де, халқымызға да жат. Бұған заңнамалық деңгейде тыйым салу мәселесін пысықтау керек. Қазақ қара киімді қаралы кезде ғана киеді”, – деген еді Назарбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз