Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-8
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

“Сен мұражай саласың…”. Елбасы миллиардерлерге Түркістанда бір-бір нысан тұрғызуды міндеттеді

341

https://kaz.365info.kz/ekige-bolinder-tanymal-galym-biliktin-tyrkistanga-khatysty-zhosparyn-ajtyp-khojdy-318545

Мәселен, Елбасы “Базис-А” компаниясының басшысы Александр Беловичке: “Сіздер спорттық және мәдени нысандарды жақсы салып жүрсіздер. Бұл жерге театр керек. Оған қауқарыңыз жетеді деп есептеймін. Түркістанға әдемі, әмбебап театр салу қажет” деді. Компания басшысы тапсырманы орындайтынына уәде берді.

Ал ENRC басшыларының бірі, атақты миллиардер Патох Шодиевке Түркістанда әлемдік деңгейдегі Түркі халықтарының музейін салып беру жөнінде тапсырма міндет жүктелді.

Айдын Рақымбаев басқаратын BI Group компаниясы Қазақ хандары мен билерінің, батырларының орталығын ашып берсе, “Хайвилл Қазақстан” компаниясы тұрғын үй кешенін салуға кіріседі.

“Қазақстан теміржолы” ұлттық компаниясы жастар сарайын қолға алса, KEGOC Қожа Аxмет Ясауидің шағын музейін салып береді. Сондай-ақ “Қазпошта” АҚ Түркістанда заман талабына сай почта бөлімшесі мен цифрлық кеңсені қолға алса, “Қазақтелеком” Smart теxнологияларды енгізеді.

Кәсіпкер Данияр Абылғазин су спорты кешенін салуға уәде берсе, Нұрлан Смағұлов көлік салонын ашып береді.

“Қазатомөнеркәсіп” ҰАК” АҚ Түркістанға қаржылай қолдау көрсетсе, түркиялық компаниялар да Түркістанды дамытуға үлес қосатын болды.

Сағынтаев Түркістан облысында көшпей отырған шенеуніктерді сынның астына алды

Осы жиында кәсіпкерлер мен ірі компаниялар Түркістанға аурухана, туризм колледжін тарту ететіндерін жеткізді.

Мемлекет басшысы әрбір нысанды қағазға мұқият белгілеп, оны салу міндеті кімге тапсырылғанын жазып алып отырды. Облыс әкімдігі мен компаниялар арасында келісімдер түзіліп, жұмысты бастау керектігін жеткізді.

“Шаһар тұрғындары санының өсуіне және туристердің көптеп келуіне байланысты әкімдікке, “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорымен, Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, Түркістан қаласының теміржол вокзалын реконструкциялау, оның өткізу мүмкіндігін ұлғайту, сондай-ақ әуежай салу және әуе қатынастарын қамтамасыз ету мәселелерін қарастыруды тапсырамын.

Назарбаевтың арқасында түрлі елдер арасындағы шиеленіс төмендеді — Василенко

Түркістанды заманауи технологияларды қолдана отырып, төл мәдениетімізге сай қайта жаңғырту керек. Сосын Түркістанды дамыту қорын да құрған дұрыс. Кім қолдау жасауға дайын, сол ақшаны аударсын. “Көз – қорқақ, қол – батыр” демекші, осының бәрін бір-екі жылда бітіретін болсақ, Түркістан жайнап шыға келеді”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз