Елорданың «Астана» концерт залында Назарбаев зияткерлік мектептерінің жетістіктеріне арналған «Ұлы Дала мұрагерлері» көрмесі өтіп жатыр.
Сол жерде Семей қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Әділ Ордаев өзінің «биші роботтар» жобасын таныстырды , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мен роботтарды жинап алғаннан кейін негізгі блокқа қостым. Содан соң USB жазып шыққан екі бағдарламаны, біреуі басқару үшін, ал екіншісі қозғалыс жасау үшін енгіздім. Роботтарды билету үшін бағдарламада әрбір қимылды жадыда қалдыру, яғни белгілі бір позицияны сақтау арқылы тұтас бір би шыға келеді. Бір бағдарламаның ішінде үш би бар. Соның ішінде қазақтың «Қара жорғасы» да бар», – деді Әділ Ордабаев.