Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Семейдің 23 жастағы қызы бүкіләлемік байқауға барғалы жүр

331

Семей қаласының тұрғыны Халықаралық байқаулар Академиясында 100 үміткердің арасынан іріктеуден өткен. Іріктеуде арулардың сыртқы келбетіне ғана емес, өнегелік, инабаттылық және рухани тәрбиеге, ұлттық дәстүрді құрметтеуіне де назар аударылған еді. Мұндай қасиеттер Алуаның бойынан табылған.

Байқаудың ұраны – “Біз ғаламшарымызды сақтаймыз”. Оған әр елден 80 ару қыз қатысады. Қазақстан атынан қатысатын Алуа Әзілханова кәсіби модель, Семейдегі жоғары оқу орындарының бірінде жастар саясаты мен тәрбие жұмыстары бөлімінің маманы.

Байқау Египетте (Каир, Александрия, Дахаб, Шарм-эль-Шейх) 1 мен 15 сәуір аралығында өтеді. Байқаудың басты кезеңінде арулар ұлттық киімде шығады. Сонымен қатар кешкі сауыққа киетін киімдер, экологиялық костюм де көрсетіледі. Ал Алуаның киімі қоршаған ортаға зияны жоқ, топыраққа сіңіп кететін экологиялық таза, органикалық материалдан әзірленген.

Халықаралық байқау жеңімпазы ақшалай марапатталады, сонымен қатар экологияны сақтауды насихаттауға қатысты әлеуметтік, қайырымдылық акцияларына қатысады.

Аяжан Төрехан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз