Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Семейден Аягөзге гуманитарлық жүк көлігі аттанды (фото)

Су тасқынынан зардап шеккендерге жанашырлық танытқан жұрт қолдан келер көмектерін аямаған. Жергілікті билік өкілдері мен түрлі мекеме басшыларынан өзге қарапайым тұрғындар да қолдарынан келгенше көмек көрсетуге тырысқан.

«НұрОтан» партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалдинованың айтуынша, бұл көмек көрсетудің соңы емес, бүгінгі күнге дейін де зардап шеккен жерлестерімізге көмек жөнелтілген.

«Біз жерлестеріміздің жағдайына бей-жай қарай алмаймыз. Төтенше жағдай жарияланған күннен бастап қолымыздан келгенше көмек көрсетіп жатырмыз. Бүгін міне тағы көмек жіберіп отырмыз. Ұн, картоп, май, макарон өнімдері және өзге де азық-түліктер мен киімдерді өз қажеттеріне жаратып, жұмыла көтерген жүктің жеңіл екенін сезінсе дейміз. Біз қолдау көрсеткен барша қалалықтарға алғыс білдіреміз», – деді Зульфия Жамалдинова.

Айта кету керек, арнайы ашылған есеп-шотқа да қаржылай көмек беріп жатқандар көп. Мысалы, Семей қалалық мәслихатының депутаттары Әсемқан Досқұжанов пен Қайрат Мирашев әрқайсысы 100 мың теңге, ал Жанат Молдағалиева 50 мың теңге аударыпты. Сондай-ақ, Семей медцина университетінің және «ҚТЖ» ҰК» АҚ Семей жол бөлімшесі филиалының қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз