Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Семейде оқушыларды улаған кәсіпкер рақымшылыққа ілінді

Ол «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына сәйкес рақымшылыққа ілінді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соттың анықтауынша, 2016 жылы 23-ақпанда М.Шахантаева жеке кәсіпкер ретінде тендерді жеңіп алған және №47 мектеп асханасында оқушылар тағамын қамтамасыз етуді ұйымдастыруда кәсіпкер мен Семей қаласының білім беру бөлімінің арасында келісімшарт бекітілген. 5-8 наурыз күндері мектеп асханасынан тамақтанған 5-7 сыныпта оқитын 74 оқушы дәрігерге көрінуге мәжбүр болды. Науқастардың жағдайына денсаулыққа жеңіл залал келді деген баға берілді», – делінген №2 қалалық соттың баспасөз қызметі жіберген хабарламада.

Сот қаулысымен М.Шахантаеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды және «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының 2-бабы, 1-бөлімі негізінде сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Қаулы заңдық күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз