Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Семейде медбике 2 жасар баланы маммологқа жіберген

Алайда медбике оны мамологқа жазып берген. Бұл қателікті қыздың анасы тек диагностикалық орталыққа келгенде бірақ-ақ көрген. Себебі, дәрігерлер мұндай жолдамамен баланы қараудан бас тартқан.

«Маған жолдаманың қате екенін тіркеу орнындағылар айтты. Тіпті гематолог дәрігерге кіріп жағдайды түсіндіру үшін де талон бермеді. Сондықтан емханаға барып қайтадан жолдама алуға тура келді »,-дейді қала тұрғыны. Ал медбикенің жіберген қателігіне байланысты Семей қаласындағы облыстық денсаулық сақтау басқармасының маманы Жанар Сейтқазина жауап берді.

«Бұл медбикенің жұмысына мұқият қарамауынан болған. Қазір көптеген жас мамандардың жұмыс тәжірибесі аз. Сондықтан осындай жағдайлар болып жатады. Қазір көп жұмыс компьютер арқылы жүзеге асса да, дәрігерлер мен медбикелер бұрынғыдай қағазбастылықтан арылмаған. Мұның да себебі бар деуге болады»,-деді Жанар Сейтқазина.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз