Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
9
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Семейде күрделі жөндеуден соң жаңа жабдықтармен жасақталған №1 емхана жұмысын бастап кетті

Бұл жаңашылдық осы емханаға тіркелген адамдардың бір жерден бірнеше емнің қызметіне жүгіне алатындай мүмкіндік беріп отыр. Мәселен, науқасқа рентгенге түсу үшін енді басқа жаққа барудың керегі болмайды. Жаңа құрылғы Германиядан алдырылыпты. Жалпы құны – 45 млн теңге. Бұл ақша облыстың бюджетінен бөлінген екен.

Оразғайша Бекбатырова, айнаға түсіруші дәрігер:

– Жабдықтың басты артықшылығы – нәтижені бірден шығарады. Түсірілген таспалар да сапалы шығады. Нәтижесін таспаға да, сол секілді қағазға да шығарып беруге болады. Тіпті, керек болса, флешкаға немесе дискіге жазып алуға болады. Бұл – өте заманауи әрі қолайлы нәрсе. Мәселен, басқа қаладағы дәрігерлермен кеңескіміз келсе, рентген қорытындысын интернет арқылы жолдай аламыз.

Күрделі жөндеуден соң жаңаша іске кіріскен мұндағы оңалту-сауықтыру бөлімі халыққа 35 жыл бойына қызмет жасап келеді. Бұл бөлімде емдеуге арналған екі жаттығу залы бар. Жалпы, беліне, жамбасына, тізесіне ота жасалған адамдар, негізінен, осы емхананың оңалту бөліміне жіберіліп отырады екен. Сондықтан адамның аяғынан тік тұрып, жүріп кетуі үшін мұнда механикалық аппараттардың көмегінен тыс уқалау процедуралары да бір жолға қойылған.

Жаттығу залында балалардың майтабан мен омыртқаның қисаюын да емдейтін қондырғылар бар. Одан бөлек инфаркт алғаннан кейінгі науқастардың тыныс алу жүйесін ретке келтіру үшін арнайы жаттығулар өткізіледі, бұл да бөлек қарастырылатын ем.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін оңалту бөлімі бір жылда отадан кейінгі 100 адамды аяғынан тұрғызыпты. Биыл Мотесори деген аппарат арнай алдыртылыпты. Ол түрлі жарақаттар мен сынықты емдеуге мүмкіндік береді екен.

Бүгінгі таңда бұл емхана қызметіне 30 мыңнан аса адам жүгінуде екенін баса айта кетелік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз