Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Семейде көмір кезегінде қаза тапқан спортшының өліміне қатысты тың деректер айтылды

202

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

 

Қайғылы жағдай 12-ші қараша күні түнгі сағат 12 шамасында орын алған. Туыстарының айтуынша, дзюдодан ел чемпионы Жасұлан Әбиев Қаражыра көмір карьерінің сыртындағы көліктер кезегін реттеуші болып жүріпті. Сол күнгі кезекке талас кезінде басынан алған ауыр соққыдан қаза тапқан. Осы қылмысқа қатысты бір күдікті ұсталыпты.

 

“Жедел жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде, қылмыс жасады деген күдікпен 1994 жылы туылған Семей қаласының тұрғыны құрықталды. Ол, уақытша тергеу абақтысында отыр”, – дейді Семей қалалық ІІБ баспасөз хатшысы Елеубек Оспанов.

Әйтсе де, қайғыдан қабырғасы қайысқан Әбиевтер отбасы ұлдарын жалғыз адам өлтірді дегенге сенбейді. Өйткені, туыстары оқиға куәгерлерінен күдіктілердің арнайы топталып келгенін естіпті. Осыған сүйенген қаралы отбасы, қылмыстық іс бұрмаланып жатыр деп санайды.

“Кеше ата-анамыз арыз жазуға барғанда, бәрі бұрмаланғанын байқадық. Ол жерде екеуі ғана болған сияқты. Яғни менің ағам мен оны өлтірген жігіт. Бірақ, бізде куәгерлер көп. Олар алғашында үш адам, кейін жеті адам болды деді. Ал, кеше 15 адам болғанын айтып отыр”, – дейді марқұмның қарындасы Жұлдыз Әбиева.

Енді, қара жамылған отбасы топталып келгендердің барлығы заң алдында жауап беруін талап етіп отыр. Жасұлан Әбиевтің артында, 3 баласы қалды. Олардың алды 6 жаста, ал кенжесі 1-ден енді асқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз