Оқиға көпірдің аквапаркке жақын тұсында орын алыпты.
Сағат таңғы 5.00 шамасында Семейдегі аспалы көпірден белгісіз ер адам секіріп кетті. Бұл жөнінде қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мəлімдеді, деп хабарлайды altaynews. Суыт хабар əуелі 102 нөміріне түскен екен.
Секірген азамат, жас жігіт болған деседі. Судан құтқару қызметінің мəліметінше, оқиға көпірдің аквапаркке жақын тұсында орын алыпты. Болған жерге жол-патрульдік полиция батальоны келгенімен, тəртіп сақшылар ер адамды райынан қайтаруға үлгере алмады.
“Судан секірген азаматты іздестіру шараларына 2 қайық, жеке құрамнан 7 адам тартылды. Сүңгуірлер маңайды торуылдап, жағалауды түгелдей тексеріліп жатыр.
Тəртіп бойынша, іздеу жұмыстары үш күнге жалғасады. Осы аралықта аталған азаматтың жоғалғаны турасында жақындарынан арыз түсіп қалуы ықтимал.
Сонда іздестіріліп жатқан адамның нақты кім екені анықталады”, – деді Судан құтқару қызметінің жетекшісі Қуанышбек Байтуғанов.