Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Семейде бомжбен төбелесіп, оны өлтіріп алған әлеуметтік қызметкер сотталды

Семей қаласындағы №2 сотында қорғаныс шегін асыра пайдалану ісіне қатысты сот процесі болып өтті. 53 жастағы әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметкері медбикені балағаттап, дөрекілік танытқан ер адамнан қорғамақ болған. Өзара сөз талас төбелеске ұласқан.

Тергеу құжаттарында келтірілгендей, мекеменің медбикесі мен осы орталықтың бірнеше адамдары есік алдындағы ұсақ-түйек іспен айналысып жатқан. Сол кезде орталық қақпасы алдына бұрын осы арада болған екі адам келеді.

Екеуі де арақтан сілтеп алған. Оның біреуі медбикеге тіл тигізіп, балағаттай жөнелген. Сол кезде медбикемен бірге жұмыс істейтін ер адам сөзге араласады. Оған қақпа алдындағы екеудің бірі тап беріп, төбелесе кетеді. Сол кезде екіншісі әлеуметтік бейімдеу орталығы қызметкерінің кеудесі мен қолын сынған пышақпен жарақаттайды. Жабыла кеткендерден құтылу үшін зардап шегуші де қалтасындағы пышаққа қол салады.

Кейіннен осы пышақтан медбикеге тіл тигізген ер адамның қарнына жарақат салынғаны дәлелденеді. Жарақат ауыр болып, зардап шегуші ауруханада үш күннен соң көз жұмды.

Осылайша медбикеге ара түскен орталық қызметкері сотты болды. Семейдің №2 соты оның бас бостандығын 1 жылға шектеу туралы үкім шығарды.

Әзірге сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз