Семейде „Ауызашар„ деп аталатын өнім шығарыла бастады.
Бұл туралы 24kz хабарлайды. Жергілікті кондитер цехтарының бірінде өнідірілген тағамдар жиынтығында ши бауырсақ, жент сияқты ұлттық өнімдермен қатар құрма, печенье де бар. Құрмадан жасалған тағамға, мәселен, „Ауызашар„ атауы беріліп отыр.
Жанаргүл Жұмағалиева, кондитерлік цех жетекшісі:
– Мен өзі қазақ тілі, әдебиетін бітіргем. Мамандығым мұғалім. Мына печеньелерді шығарған кезде түріне қарап аттар қоямыз. «Тақия» деген печенье бар, «Шаңырақ» деген печенье бар. Шамамыз келгенше қазақша аттарды қоямыз.