Семейде жүгенсіз кеткен жігіт туған анасына пышақ кезеді. Сұмдық жағдай жаға ұстатты.
Ішімдікке сылқия тойып алған ол өз үйінде шешесінің алқымына суық қару таяп, ақша беруін талап еткен деп хабарлады „Хабар-24„ телеарнасы.
Шайтан судың кесірінен шатасқан жігітті Семей қаласындағы N2 сот 4 жылға бас бостандығынан айырып, дүние-мүлкін тәркіледі.