Сенегал Республикасының президенті Маки Салл Павлодар қаласындағы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-на барды, деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен. Мәртебелі мейманды облыс әкімі Болат Бақауов пен «ERGS.a.r.l» басқарма төрағасы Александр Машкевич, алюминий және электролиз зауытының басшылары алып жүрді.
Мұнда ҚЭЗ-дың еңбек және ауған соғысы ардагерлері, жастар кеңесі, сондай-ақ, зауыттың барлық бөлімшелері отырғызған ағаштар жайқалып тұр.