Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Семейде 10 жылдан бері асыға күткен мешіттің құрлысы қайта басталды

Құрылысқа қаланың орталығынан, Ертіс өзенінің үстінен салынған аспалы көпірдің жанындағы айналмалы жолдың қақ ортасынан аумағы 3 гектарды құрайтын жер телімі бөлінген. Құрылысты аяқтау мақсатында атсалысқан қарапайым халықтың да, Қазақстандық кәсіпкерлердің де талпынысы нәтижесіз болды. Тіптен бір кездері тұрғындар бірігіп мешіт құрылысына 200 млн теңге жинаған болатын.

Алайда жиналған қаржы ғимараттың төрт мұнарасының іргетасын қалаудан артылмаған. Бір жылдары тіптен түрік демеушілері, араб инвесторлары да қызығушылық танытқанымен ғимарат аяқсыз қала берді. Енді міне мешіт құрылысына 500 млн теңге бөлініп, жобаға жаңа инвесторлар тартылып, қазақстандық «ТAS Group» компаниясы құрылысты қолға алмақ.

Қаражатты «ТАСКРЕДИТ» қаржы компаниясы бөліп, «АHTAS Construction» құрылыс компаниясы бас мердігер болып белгіленген. Құрылыс жұмыстары екі жылдың ішінде аяқталып, нысан қала халқының игілігіне тапсырылмақ. Мешітке бір мезгілде 2500 адам сыйып кетеді, ал автотұрақ 500 көлікке арналған.

Тағы бір айта кететін жайт, Семей мешітінің жобасына өзгерістер енгізілді. Құрылыс компаниясы жергілікті табиғат жағдайларын ескермеген сәнді әрі салтанатты, бірақ қолайсыз эскизден бас тартты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз