Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Семей, Теміртау және Шымкентке жылу мерзімінен кешіктіріліп беріледі – министр

Қазан айынан бастап әлеуметтік нысандарға жылу беруді жоспарлап отырмыз, кәсіпорында көмірді жинау жұмысы қыркүйектің ортасында басталды. Мазутты жеткізу мәселесі шешілген жоқ, алдыңғы жылдан да қалған мазут жоқ, – деді министр.

Оның айтуынша, Теміртау қаласында материалдар мерзімінен кеш жеткізілгендіктен «Арселор Миттал Темиртау» акционерлік қоғамындағы №1 қазандықты және 2-ші Жылу электр стансасындағы №1 турбинаны күрделі жөндеуден өткізу мерзімі қазанның ортасына дейін, ал № 2 қазандықты жөндеу 30 қыркүйектен 25 желтоқсанға дейін ұзартылған. Яғни, күзгі-қысқы маусымда негізгі жабдықтардың резерві қамтамасыз етілмейді.

«2015 жылдың желтоқсанында жылу электр стансасында апат болды. Апат салдарынан барлық генерациялау жабдығы тұтастай істен шықты, режімді толық іске қосу екі айға созылды. Арселлор Миттал Теміртаудың 2-ші жылу электр орталығына және жылу электр орталығының бу-ауа шығаратын стансасына алдағы жылғы жылу беру маусымына әзірлік төлқұжаты берілген жоқ»,- деді ол.

Мұнан бөлек, Қ.Бозымбаевтың айтуынша, 1 686 млн.теңгені құрайтын берешегі өтелмегендіктен «Энергоорталық-3» АҚ Шымкенттік жылу электр орталығына газ беру осы жылдың 21 тамызынан бастап тоқтатылған.

«2014 жылдың желтоқсан айында Шымкенттік жылу электр орталығында қуаттылығы 125 MBA құрайтын АТ-2 автотрансформаторы істен шықты. Оның орнына 2015 жылы қуаттылығы 63 МВА құрайтын автотрансформатор уақытша қойылды. Енді қуаттылығы 125 MBA құрайтын АТ-2 автотрансформаторын ауыстыру қажет. Қазіргі уақытта автотрансформаторға Шымкенттік жылу электр орталығында монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді министр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз