Қытайда концерт беріп жүрген Димаш Құдайберген қысқа мерзімдік демалысқа шықты.
Бұл туралы әнішінің өзі Инстаграмдағы жеке парақшасында жазды.
«Мен Қазақстанға келдім. Аз-маз демалысымды ата-анамның қасында және студияда өткіземін. Турнеде көріскенше құрметтілерім», – деп жазды Димаш Құдайберген.
Одан соң: “Мен жанкүйерлерімнің жанкүйерімін”, – деген тақырыпта мына бір видеоны жүктеп қойыпты.
Өз кумирін өз көзімен көруге келген фанаттарда ес жоқ. Бақырып-шақырып өлердей болды.
Фанаттардың бұл қылығы Димашты тебірентей қоймады, ол да өз жанкүйерлеріне қарай сахнадан секіріп, тұра жүгіргенде күзетшілер оны ұстап қалды.
Иә, сақтық та қорлық жоқ. Күзетшілердің мұнысы дұрыс енді.
Димаш Құдайберген бұған дейін Чанша қаласында өнер көрсеткен болатын. Әнші алғашқы әлемдік турнесі аясында ҚХР-ға барды. Бұған дейін хабарланғандай, Жаңа жылды қазақстандық әнші Қытайда қарсы алды.