Жолбарыс Сейфуллиннің бірінші әйелінен қызы мен ұлы бар.
Ол өзінің ұлы Бейбарысты өнерге баулып, гитарада ойнауды үйретті. Жуырда ол желідегі парақшасына екінші жары — Екатерина Лилуямен бірге түскен суретін салып, желі қолданушыларының назарына ілікті. Бірі оның екінші жары хас сұлу десе, екіншілері оның отбасын тастап кеткеніне қынжылды. Бүгінде ол Екатеринадан екі қыз сүйіп отыр. Айта кету керек, Сейфуллиннің жас келіншегі Екатерина Лилуя – орыс ұлтының өкілі.