Әнші Саят Медеуовтің бұған дейін тоқал алу мәселесіне қатысты пікірі қоғамда қызу талқыға түскені белгілі. Танымал әнші Caravan.kz медиа порталына берген сұхбатында сол ойын тағы да толықтыра түсті.
– Саят аға, қалай ойлайсыз елімізде тоқал алуды билік тарапынан заңдастыру мүмкін бе?
– Негізі елдің айтқаны ғана емес, жеке өзіңіз де тоқал алу мәселесін қолдайсыз ба?
– Енді мен де елдің арасынанмын ғой. Елдің бірі менмін. Түптің түбінде айналып келген кезде бұл ұрпақ сабақтастығы. Қазір қалай, бір ана ары кетсе 3 бала туады одан кейін туғысы да келмейді. Екіншіден, қазақта қазір бойдақ қыз көп. Ажырасқандар көп. Оның бәрі далада қалу керек пе? Оны түрік те алады, шешен де алады. Жақсы, алып, адам қылса мейлі, қаншама қазақтың қызы шетелге барып, жылап, елге қайта алмай жатыр. Бұл біздің қазақтың намысына тимей ме? Тиеді. Соны ойластыру керек.
– Шетелдік күйеу балалардың қаптап кетуі де сіздің намысыңызға қатты тиетін шығар.
– Саят аға, өзіңізде тоқал бар ма?
– Мен өзімнің отбасым туралы көп айтпаймын. Айтқым да келмейді. Ол жария ететін дүние емес. Ол менің жеке өмірім.
– Өзіңіз қыз өсіріп отырған шығарсыз? Болашақта қыздарыңыз да біреуге тоқал боламын десе, сізге ауыр болмай ма?
– Мен қарсы емеспін. Егер асырай алатын болса, жағдайы келсе, үйін әперіп, жағдайын жасап беретін болса, неге қарсы болуым керек, қарсы емеспін.