Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
9
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

“Саяси баспана сұрамақ…”. Алмазбек Атамбаев Ресейге қашып кетті (фото)

487

Ал бұл жағдайды БАҚ өкілдері экс-президенттің бұрынғы кеңесшісі Икрамжан Илмяновтың қамалғанымен байланыстырған.

Атамбаевтың елден ұшып кетуінің ресми түрі журналистердің болжамынан әлдеқайда ерекшеленеді.

Sputnik Қырғызстан агенттігінің хабарлауынша, Қырғыз социалды-демократиялық партиясының мәліметіне сәйкес, Атамбаев Мәскеу қаласына азиялық саяси партиялардың халықаралық конференциясына кеткен.

«Әттең…». Ерлан Қарин комсомолдардың 100 жылдығын тойлауға қатысты пікір білдірді

Ал шараға дейін Атамбаев Санкт-Петербург қаласында туысының жерлеу рәсімінде болады.

“Алмазбек Атамбаев бұған дейін ешқашан халықарлық партиялық конференцияларға қатыспаған. Мәскеудегі үшінші дәрежелі конференцияға қатысу- Қырғызстаннан қашудың амалы”, – деді қоғам белсендісі Эдиль Байсалов өз Twitter парақшасында.

Бұл жағдайға қазақстандық саясаттанушы Талғат Қалиев та пікір білдірген.

“Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың басына бұлт үйріліп жатыр. Ол осы күндері мәскеулік конференцияға қатысып жүр. Қырғызстандық әріптестердің мәлімдеуінше, экс-президент Путинмен жолығу уақытын күтіп, одан бас сауғалайтын орын сұрамақ”, – дейді ол өз Twitter парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қазан күні Мәскеу қаласында Атамбаевтың бұрынғы кеңесшісі Икрамжан Илмянов ұсталған еді.

«Олар аш…». Досым Сәтпаев биліктегі ауыс-түйістің үлкен зиянын айтты

Қолына кісен салынып, Бішкек қаласына жеткізілген ол сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдікке ілінген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз