Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Саясаттанушы Ресей Қазақстанның солтүстігін аннексияласа не болатынын айтты

431

Саясаттанушының пікірінше, бір апта бұрын ресейлік басылымда жарық көрген орыс ғалымы Мироновтың мақаласындағыдай сандыраққа уақтылы жауап қатып отыру керек. Онда да құр сөзбен емес, іспен. Саясаттанушы бұл ретте Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттыра түсу арқылы осындай сыңаржақ мәлімдемелерге соққы беру керектігін айтады.

– Жалықпай айтқан дұрыс. Мың ретіншіге сұранып тұрса, мыңыншы рет айтайық. Орыс саясаткерлері армандап, айтып жүргендей, Қазақстанның шекарасы бұзылатын болса, онда бұл, ең алдымен, Ресей Федерациясының өзін ірітіп-шірітіп тынады.

Олар осыны дұрыс ұғынуы керек. Егер Ресей Қазақстанның солтүстік өңірін аннексиялайтын болса, онда сол күні Ресей өз-өзіне ор қазған болады.

Мұндайда, біріншіден, өз қолдарымен әрең құрған Еуразиялық экономикалық одақтың күл-талқаны шығады. Сонымен бірге, Ресейдің осы одаққа мүше елдермен әріптестікте құрған бірқатар интеграциялық жобалары да құрдымға кетеді.

Екіншіден, мұндайда Ресей осы өңірдегі держава беделінен айырылады. Сөйтіп, Орталық және Оңтүстік Азия, тіпті, Қытаймен байланысын үзіп алуы ықтимал. Мұсылман елдері де қарап қалмайды.

Үшіншіден, халықаралық қауымдастықтан онсыз да оқшаулана түскен Ресей Федерациясы, тіпті, жалғыз қалады. Салдарынан, экономикалық және саяси құлдырау күшейіп, Ресей өз ішінен, ақыры, ыдырап тынады. Экономикалық және әлеуметтік аласапыран орын алғанда, басқа елдермен қатар, Қазақстан да өз алдына бөлек кетеді.

Ендеше, осы мағынадағы орыс саясаткерлерінің мәлімдемелері Ресейдің күшейгенін емес, керісінше, саяси класының әбден әлсірегенін байқатады, басқа түк те емес.

Саясаттанушының пікірінше, керісінше, қазір Қазақстан Ресейге үлкен көмек көрсетіп жатыр. Бүкіл халықаралық қауымдастық Ресейден теріс айналғанымен оның бір экономикалық одақтағы одақтастары безініп кеткен жоқ. Керісінше, өзара ымыра мен түсіністік үшін араағайын ел ретінде пайдалануда. Соның ішінде, ең бірінші кезекте Қазақстан. Сирия жағдайын алыңыз, Украинамен қарым-қатынаста дегендей.  Бұл мәселелерде Қазақстансыз ешкім Ресеймен тікелей диалогқа баруға құлықты емес.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз