Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Саясаткер Тоқаевтың президент болатынын 20 жыл бұрын болжаған

334

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Евгений Бажановтың сөзінше, Қасым-Жомарт Тоқаев 2000 жылдардың басында Ресей СІМ-нің Елшілік академиясында докторлық диссертациясын қорғаған кезде, ол ғылыми жетекшісі болыпты.

Бұл уақытта Тоқаев Қазақстанның премьер-министрі қызметін атқарған. Ол осыған қарамастан, Мәскеуге барып, 5 сағат көлемінде Жоғары аттестация комиссиясының сұрақтарына жауап беріпті.

«Қасым-Жомарт керемет жауап берді. Ол қорғаудың ұзаққа созылғанына қысылған жоқ», – дейді Бажанов.

Елшінің сөзінше, Тоқаев диссертациясын сәтті қорғап шыққан. Мұнан кейін олар Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшілігіне барыпты.

«Мен Тоқаевтың ғылыми жетекшісі ретінде тілек білдірдім. Елшілік академиясында диссертация қорғағандардың бәрінің мансабы тамаша болатынын айттым. Қасым-Жомарт Кемелұлына келер болсақ, оған Қазақстанда өсетін жер жоқ еді – ол екінші адам, ал басшы – қазақ халқының лидері Нұрсұлтан Назарбаев. Алайда ол Біріккен ұлттар ұйымына бара алар еді», – дейді елші.

Бажановтың айтуынша, мұнан кейін дастархан басында отырғандардың жартысына жуығы орнынан тұрып кеткен. Олар Елбасына хабарласып, Тоқаевтың әрі қарайғы мансабы туралы сөйлесіпті.

«Тілек білдірген кезде әзілдегенімді қанша түсіндіруге тырыссам да, ештеңеге меңзеген жоқ едім. Мені ешкім тыңдаған жоқ», – дейді Бажанов.

Десе де ол Тоқаевтың БҰҰ-ға жіберіліп, сол жерде бас хатшының орынбасары қызметін атқарғанын атап өтті.

Бүгінде мемлекет басшысының досы сол кездегі жағдай кездейсоқтық болды ма, әлде Тоқаевтың президент болатынын болжады ма, өзі де түсінбейтінін айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз