Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Сауытбек Абдрахманов: болған қақтығысқа этносаралық сипат берудің еш негізі жоқ

269
Сурет: Хабар 24

Жамбыл облысында болған жағдайға қатысты Қазақстан Республикасының мәжіліс депутаты Саутбек Абдрахманов пікір білдірді. Ол қатығыстың нәтижесінде топтасқан төбелес болып, адам шығынына әкелгені туралы айтты, —  деп хабарлайды «Қазақпарат» агенттігі.

«Жарты ғасырдан бұрын  Қытайда Цинь империясы билігіне қарсы көтеріліс өтті. Бұл көтеріліс қатал түрде басылып-жаншылды. Оған қатысушылар Исламды ұстанғаны үшін қуғынға ұшыраға дүнгендер еді. Кейіннен қазақ жеріне келіп паналады, жергілікті тұрғындар оларды жақсы қарсы алды. Сол уақыттан бастап біз бірге тұрамыз, бәріміздің тағдырымыз бір.

Өткен жылы Қазақстан халықтары Ассамлеясының атынан мәжіліс депутаттарының тобы Жамбыл облысындағы Қордай айданында болып, дүнгендердің қазақ жеріне қоныс аударып келуіне 140 жыл толуына орай ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысты. Сол шарада қазақ жеріндегі түрлі этнос өкілдерінің тату-тәтті өмір үріп жатқанына куә болып қайтқанбыз, — деп атап өтті Сауытбек Абдрахманов.

Бұған дейін ҚР премьер-министрінің орынбасары  Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданында болған топтасқан төбелес нәтижесінде зардап шеккендердің жағдайы туралы айтқан еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз