Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Сәуірде мұнай мен газ экспорты күрт өсті

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, сәуір айында Қазақстан шетелге жалпы сомасы 5 млрд 188 млн доллар тауар сатқан. Наурыз айымен салыстырғанда мәмілелер көлемі 707,5 млн – ға; 2020 жылғы сәуірмен салыстырғанда – 728,7 млн-ға өскен. Соған қарамастан:

  • 2020 жылдың наурызынан бастап мәмілелер көлемі өткен жылдың наурыз айымен салыстырғанда алғаш рет жоғары болды
  • экспорт көлемі 2019 жылдың қаңтарынан бастап ең жоғары деңгейге жетті – содан кейінгі сатылым 5 млрд 337 млн доллар әкелді
  • көрсеткіш қатарынан үш ай бойы өсуде – мұндай көрсеткіш 2017 жылдың басынан бері болған емес

Еуропамұнайдың негізгі сатып алушысы

Экспорт динамикасын дәстүрлі түрде мұнай анықтайды: егер оны сатудан түсетін табыс өссе, жалпы көрсеткіш те артады. Сәуірде де солай болды. 5,6 миллион тонна өнім шетелге шықты, ол үшін ел 2 миллиард 411 миллион доллар алды.

Бір қызығы, наурыз айымен салыстырғанда мәмілелердің нақты көлемі төмендеді (-99,2 мың тонна), ал жалпы сомасы өсті (+203,8 млн доллар).Бұл әлемдік нарықтағы баға динамикасының тікелей салдары.

Сәуір айында қазақстандық мұнайды әлемнің 22 елі сатып алды. Ең белсенділері Еуропалық мемлекеттер болды:

  • Италия – 830,8 млн доллар
  • Нидерланды – 289 млн
  • Испания – 212,3 млн
  • Румыния – 155,6 млн
  • Франция – 150,3 млн

Газ сатылымы өсті, урандыкі – төмендеді

Бірақ сатылымның өсуін мұнай ғана қамтамасызеткен жоқ. Наурыз айының сәтсіздігінен кейін (ол кезде экспорт бар болғаны $22,4 млн құрады) газ өткізу қайта өсті. Сәуір айының қорытындысы бойынша мәмілелерден түскен кірістер $214,6 млн. құрады, Елеулі көлем Қытайға тиесілі – 194,9 млн.

Сонымен қатар:

  • темір кенінің – 107-ден 195,2 млн долларға дейін
  • мыстың – 285,7-ден 327,8 млн-ға дейін
  • алюминийдің – 21,4-тен 51,5 миллионға дейін
  • тегіс прокаттың – 157,5-тен 181,7 миллионға дейін сатылымы айтарлықтай өсті.

Жағымсыз жағынан мырыш (-12,4 млн — $52,4 млн дейін), күміс (-26 млн — 56 млн дейін) және бейорганикалық химия өнімдері (-34,9 млн — 146,3 млн дейін) экспортының төмендегенін атап өтуге болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз