Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Сәуір және маусым айларында ауа райы құбылмалы болады

Синоптиктердің болжамынша, бірінші онкүндіктің соңында солтүстікте, орталықта және шығыста сынап бағанасы түнде —5…-15 градусқа дейін төмендеп, күндіз 0..5 градусқа дейін жоғарылайды. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 0…5 градус, күндіз +5…+10 градус аралығында.

Ақышева болжамға сәйкес сәуірдің екінші және үшінші онкүндігінде Орта Азиядан ығысатын оңтүстік-батыс ағымдардың әсерінен күн жылып, ал оңтүстікте ыстық болатынын атап өтті.

“Сынап бағанасы күндіз солтүстік өңірлерде +15…+23 градус, оңтүстік аймақтарда +20…+28 градусқа дейін көтеріледі. Сәуір айында ауа райы “алдамшы” болғандықтан, жылы күндер ұзаққа созылмайды. Өйткені үшінші онкүндіктің басында және соңына қарай күн суыта түседі. Еліміздің солтүстік аймақтарында жауын-шашын түсіп, түнде ауа температурасы нөлден төмен, күндіз +5..+15 градус жылы болады. Оңтүстікте күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады”, — деді басқарма басшысы.

Ал мамыр айы жылы және жаңбырлы болмақ. Тек оңтүстік-батыста, оңтүстікте және орталықта жауын-шашын нормадан аз түседі деп болжанып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз