Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-11
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Сауда министрлігі 4 айда тұтынушыларға 690,5 млн теңге қайтарды

Аталған кезеңде тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған 34 резонанстық іс қаралып, 122 адамның мүддесі қорғалды. Соның нәтижесінде 461,9 млн теңге өтемақы қайтарылды. Қайтарылған сомасы 5 млн теңгеден асқан істер де бар.

Мысалдар:
 • Алматыда пәтер сапасына қатысты шағым бойынша 25,9 млн теңге қайтарылды;
 • Астанада рулдік ақауы бар премиум автокөлік үшін сот шешімімен 45,8 млн теңге өндірілді;
 • Автокөлік ақауына қатысты 21 істе жалпы 338,2 млн теңге қайтарылды;
 • Павлодарда үш тұтынушыға 53,8 млн теңге, Қызылордада сапасыз ойын жабдығы үшін 6,4 млн теңге қайтарылды.

Ұжымдық шағымдар да назардан тыс қалған жоқ:
 • Павлодарда косметикалық өнімдерге байланысты 17 тұтынушыға 9,1 млн теңге;
 • Түркістан, Жамбыл және Шымкент өңірлерінде сапасыз тауарлар мен орындалмаған қызметтер үшін 33 тұтынушыға 7,5 млн теңге қайтарылды.

Сот және медиация арқылы шешілген істер де бар:
 • Жетісу облысында жеткізілмеген смартфондар бойынша 17 тұтынушыға 7,2 млн теңге қайтару шешімі шықты;
 • Павлодарда көрсетілмеген қызметке қатысты 12 тұтынушыға 900 мың теңге медиациямен қайтарылды.

Министрлік бұл нәтижелер тұтынушылар құқығын қорғау жүйесінің тиімділігі мен азаматтардың құқықтық сауаттылығының артуын көрсетіп отырғанын мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз