28 ақпан күні БАҚ өкілдері Сауд Арабиясы COVID-19 коронавирусына қатысты қазақстандықтарға туристік визаларды, сондай-ақ электрондық визаларды беруді тоқтатты деп хабарлаған болатын.
Бұған қатысты Қазақстанның Сауд арабиясындағы елшілігі түсініктеме берді. Қазақстан Сауд Арабиясы электрондық виза беретін 49 елге кіреді.
«27 ақпаннан бастап Сауд Арабиясы билігі COVID-19 вирусының таралуын болдырмау мақсатында умра жасау үшін барлық елдердің азаматтарына виза беруді уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, —
деп tengrinews.kz қазақстандық дипломаттардың сөзіне сілтеме жасайды.—
Коронавирус таралған жағдайлар тіркелген елдердің, сондай-ақ олармен шектес мемлекеттердің азаматтары үшін туристік визалар беру тоқтатылды, олардың ішінде ТМД-ның бірқатар елдері, соның ішінде Қазақстан да бар.
Корольдікте тұратын жергілікті тұрғындар мен шетелдіктерді қоспағанда, аталған тізімге енбеген елдерден туристік визамен келген шетелдіктер Мекке мен Мединаға бара алмайды.
Сауд Арабиясына баруды жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарына сапарларын кейінгі шегеруді ұсынамыз”.