Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Сау ыдыс жоқ”. Ақтауда интернат директоры “мінезін” көрсетті (видео)

Ал, осы жайттарды камераға түсіріп алған бала күтуші Эльмира Аманова директордың қысастығынан әбден мезі болдық деп налиды.

“Бұл біздерді қыспаққа алды. Отырма, тұрма деп.

Маған түнде хабарласып камера алдында отыр дейді.

Мен ауру балаларды қараймын. Қалай отырамын? Жұмыс істеу керек. Сосын түнде келіп, осындай жағдай болды”, деп баяндады бала күтуші.

7 маусым күні болған оқиға әлеуметтік желіде лезде тарағаннан кейін долданған директор қызметінен уақытша шеттетілді. Басшы мен қызметкерлер арасындағы кикілжің тамақты тек арнайы бөлмеде ішу керек дегеннен басталған. Алайда, басшының ескертуін еш жан елемей, оның арты жанжалға ұласыпты.

Директор қызметкерлер мені тыңдамайды, ешқандай шара қолданбайды, бірнеше рет айттым сонда да тыңдамады, сосын осындай әрекетке мәжбүр болдым деп түсіндірді. Интернат ұжымының басым көпшілігі директордың жұмысына оң баға берді.

Айтуларынша, талапшыл басшы келгелі мекемеде тәртіп пен тазалыққа аса мән берілетін болған.

https://youtu.be/0bshK5pmR-s

https://youtu.be/cOkY21CtFYM

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз