Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Сәтбаевта зорланған 5 жасар қыз ауруханадан шығарылды

Қызды өзі туған қаласы  Сәтбаевқа алып кеткен. Онымен психологтар жұмыс істеуді әлі де жалғастыратын болады.

Есте болса, 23 шілде күні  полицияға 40 жастағы ер адам хабарласып,  балалар алаңындағы қызының жоғалып кеткенін айтқан.

Сол күні кешкісін жергілікті полиция 50 жастағы тұрғынның пәтерінен зорланған қызды тапқан еді. Күдікті бірден тергеу абақтысына жөнелтілді.

Ол  қызды пәтеріне алдап шақырып алғанын, арам ойын жүзеге асырғанын  мойындаған.

Күдіктінің  сөздерінен кейін  полиция күзетшісі оны жыныс мүшесі тұсынан тепкілеп, ұрып тастаған. Бұл жағдай видеоға түсірілгендіктен әлеуметтік желілерде тарап кеткен болатын. Полиция сержантының үстінен осы әрекетіне байланысты  Қылмыстық кодекстің 362 бабы (қызметін асыра пайдалану) бойынша іс қозғалған еді. Тергеу барысында осындай жағдай орын алғандықтан істің тергеушісі де ауыстырылған.

Прокуратура 26 шілде күні полиция қызметкерін кепілмен бостандыққа шығарды. Ол енді кешкі уақытта үйінен шықпайды, қаладан шығуға болмайды. Ол тұратын ауданда қандай да бір келеңсіздік болса бірінші болып тергеледі. Осындай қатаң талаптар орындалмаған жағдайда оның туыстары кепілге қойған зат бірден қазына қоржынына өтеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз