Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Сапарбаев жиында сұрақ қоюды білмейтін мұғалімдерді ұялтты

https://kaz.365info.kz/ket-ej-koligin-yrlagaly-zhatkhanyn-korgen-zhigit-tyr-zhalanash-yjinen-atyp-shykhty-329279

Әкім ұстаздардың алдында білім саласында шешілмей келе жатқан ащы шындықты жайып салды.

“Егер білім, денсаулық сақтау саласында ақша жинау, пара алу қылмыстары жасалатын болса біз қандай мемлекет боламыз?! Егер департамент басшысы бастауыш мектептен ақша алса, ол берген ақшасын қайтару үшін мұғалімдерден жинайды. Мұғалім кімнен алады? Ата-анадан! Оны бала біледі. Осыдан кейін біз қандай ұрпақ тәрбиелейміз, қалай біз дамыған мемлекеттің қатарына енеміз.

Кішкентай кезінен пара бермесе “бес” деген баға алмайсың, оқуға түспейсің, болашағың болмайды дегенді бала бойына сіңіреді. Құрметті басшылар, сондықтан ойлану керек. Өзіңді ғана емес, болашақ ұрпағыңның абыройын ойла. Ертең оның әкесі, атасы сотталған деп айтатын болады. Біз енді білеміз, ондайлар көп емес. Бірақ ондай басшылар, мектеп директорлары бар”, – деді Сапарбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз