Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Санитарлық билік театрлар мен өнерді жай ғана ойын-сауықтың бір түрі деп есептейді

215

Санитарлық тыйымдардың қарама-қайшылығы

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры 87-ші театр маусымының ашылу күнін белгісіз мерзімге ауыстыруға мәжбүр. Біздің қаламыздағы мәдениет пен өнер ойын-сауықтың бір түрі ғана екен.

«Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ұзақ үзілістен кейін алматылықтар мен елорда қонақтары үшін өз есігін қайта ашады», —   театрдың 2020 жылғы қазанға арналған спектакльдер кестесі бар баспасөз-релизі осындай оптимистік хабарламамен басталды.

Бірақ қала билігі жаңа маусымның ашылу салтанатынан бір апта бұрын  театрларға көрермендерді қарсы алуға ерте деген шешім қабылдады.

мына қарама-қайшылыққа қараңыз:  Алматыда сауда орталықтары жұмыс істейді, ал мейрамханалар мен дәмханалар келушілерді жазғы алаңда ғана емес, ғимарттың ішінде де қабылдайды

Соңғы бірнеше айда қалалық базарлар мен барахолкада әлеуметтік қашықтықты сақтап жатқан ешкім жоқ.

Республика рұқсат берді, бірақ қала тыйым салды

Опера театрының директоры Ая Қалиева кеше ғана жаңа маусымның ашылуына қуанған актерлер бір-бірін құттықтап еді дейді.

— Ая Жәкенқызы, Алматының санитарлық билігі не себепті мұндай шешім қабылдағанын түсіндірді ме? Олар не деп отыр және қашан рұқсат бермекші?

— Мен бұл сұрақты Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдеріне қоймадым. Бүгін, 23 қыркүйекте қайырымдылық концерттерін өткіземіз деп жоспарланған едік. Республиканың бас санитарлық дәрігерінің №53 қаулысына сілтеме жасап, жағдайдың мән-жайын анықтауға тырыстық.  Ондағы 44-ші тармақ театрлардың қызметіне рұқсат береді. Көрермендер саны 50 адамнан аспауы керек деген бір ғана шектеу қойылды.

Онда біздің Info Kazakhstan порталында тіркеуден өтуге құқығымыз бар екендігі жазылған. Кейін біз қызметке рұқсат беретін анықтама алдық.

Біз тіпті Алматы қаласы бойынша бас санитарлық дәрігер Жардарбек Бекшиннің 17 қыркүйектегі №61 қаулысын зерттедік. Құжатта «театрлар» сөзі тыйым салынған немесе рұқсат етілген бөліктерде жоқ екенін анықтадық.

Республикалық және қалалық қаулылар арасында келіспейтін жайттардың бар екені белгілі болды.

Республикалық билік бізге жұмыс істеуге рұқсат берді, ал қалалық билік әлі нақты жауап бермей отыр

Қалалық қаулыда: «Ойын-сауық мекемелерінің қызметіне тыйым салынсын» деп жазылған. Алайда театр бұлардың қатарына жатпайды. Онда караоке, бильярд, компьютерлік орталықтар, кинотеатрлар бар.

Сондықтан біз республиканың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сілтеме жасай аламыз деп ойладық. Оның үстіне, біздің астаналық әріптестеріміз «Астана-опера» өз жұмысын бастап кетті.

Кеше 22 қыркүйекте қалалық СЭС өкілімен телефон арқылы сөйлестік. Бізге қалалық Ережені басшылыққа алуымыз керек деп түсіндірді. Ол бойынша біз өз қызметімізді қайта бастауға құқығымыз жоқ.

Театрға айыппұл саламыз деп қорқытқан

— Бұл шешімге қарсылық танытуға тырыспадыңыз ба? Тізімде театр деген сөз аталмаған ғой.

— Бізге үлкен әкімшілік айыппұл салынады деп қорқытты. Біз заңға бағынамыз және биліктің шешімдерін орындауға тырысамыз. Біз көрермендерімізден кешірім сұрап, барлық жауапкершілікті өз мойнымызға алдық.

Бос театр — көңілды жабырқататын көрініс

— Соңғы алты айда театр мен актерлер  қалай аман қалды?

— Біз барлығын онлайн-режимде өткіздік. Онлайн эфирлер, концерттер мен тікелей эфирдегі ток-шоулар театрға тән емес. Көрермендердің тікелей сұрақтарына  жауап беретін бағдарламалар болды.

Барлығы 250-ге жуық онлайн іс-шара өткізілді. Сонымен қатар,

көрермендер аудиториясы 3 миллион адамға дейін кеңейді. Бағдарламалардың сан алуандығы мен көрермендер саны бойынша біз ТМД театрлары арасында рейтингте үшінші орындамыз

Осы жарты жыл ішінде театр табысты қызмет етті деп ойлаймын. Біз оператор, бейнеоператор, режиссер және т. б. секілді жаңа мамандықтарды игерік.

Пандемияның да пайдасы болды, біз уақытты, бір-бірімізді және көрермендерді бағалай бастадық. Біз көрерменсіз, олар бізсіз өмір сүре алмайтынымызды түсіндік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз