Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Самұрық-Қазына” қоры қарамағындағы 120 компанияны сатып жіберді

“Астық-Транс” компаниясындағы “Қазтемiртранстың” 50 пайыздық үлесі 5,25 млрд теңгеге сатылып, ол ең ірі әрі тиімді келісімшарт болды.

Ал қалған кәсіпорындар немесе үлестер көлемі, “Самұрық-Қазына” қорындағылардың айтуынша, аса үлкен емес. Активтердің басым бөлігі қазақстандық инвесторларға немесе компанияның меншігіне қатысушы екінші тұлғаға саудаланған.

https://kaz.365info.kz/khazakh-khyzy-baskhaga-timej-khajtedi-khazakhstandy-igerip-zhatkhan-sheteldikter-eken-257760

 

Бұл сауданың келісімшарттары Қаржы министрлігінің электронды сауда-саттық алаңында жасалған.

“Самұрық-Қазына” қорындағылар шетелдік инвесторларды көбіне ірі компанияның активтері қызықтыратынын айтады. Ал жекешелендіруге шығарылмақ ондай кәсіпорындар толықтай немесе бөлшек күйінде стратегиялық инвесторларға ғана сатылады. Сондай-ақ бұл арада олар мемлекет-жекеменшік әріптестігі схемасында болады.

2018-2020 жылдары 9 ірі компания саудаға шығарылмақ

Айта кетелік, “Самұрық-Қазына” қоры 2016-2020 жылдарда жекешелеендіруге жататын нысандар тізіміне өзгеріс енгізген болатын. Тізімге 6 жаңа кәсіпорын енгізіліп, ал жетеуі одан алынып тасталған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз