Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

«Самұрұқ-Энерго»-ның Алматыдағы ЖЭО-ны газға көшіру туралы сөзі — бос әңгіме, дейді сарапшы

224

Алматыдағы «Самұрық-Энерго» холдингіне тиесілі барлық жылу электр орталықтары (ЖЭО) газға көшіріледі. Бір қарағанда жақсы жаңалық болып көрінеді, себебі қыс түссе мегаполис тұрғындары ауаның ластығын айтып шағымданады. Адамдардың көбі аллергия мен өкпенің созылмалы ауруларына шалдықты.

Бірақ белсенді Павел Александров

«Самұрық-Энерго»-ның бұл алматылықтардың наразылығын уақытша төмендету үшін  берген бос уәдесі

деген сенімде. Ол көп жыл бойы қаладағы ауаның ластану деңгейін бақылап келеді. Алматы ауасының ластануының интерактивті картасы бар airkaz.org сайттың авторы.

Оның айтуынша, жылу электр орталығының газға немесе отынның басқа түріне ауыстыру — бұл айтарлықтай күрделі процесс.

— Техникалық-экономикалық негіздеме талап етіледі. Содан кейін жоба әзірлеп, оны түрлі ведомстволар бекіту керек. Тасымалданатын газдың мөлшері жеткілікті екенін де растау керек. Барлық инженерлік коммуникациялар бір-біріне қосылуы керек. Яғни, бұл өте ұзақ процесс!

Барлығы сәтімен болғанның өзңнде газға ауыстыру жұмысы 2029 жылы ғана аяқталады

Олар халықты тыныштандыруды көздеп отыр

Холдингтің баспасөз хабарламасында «қазіргі уақытта Алматы ЖЭО-3 қайта құру жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жүргізілуде» делінген.

Павел Александровтың пікірінше, ЖЭО-3-ке қатысты жағдай ең бастапқы сатыда тұр.

— Бүгінде Алматының барлық ЖЭО-ның жағдайы газдандырудан мүлдем алыс. Бұған қарамастан,  «Самұрық-Энерго» өкілдері газға ауыстыру туралы жаңалықты белсенді түрде таратуда. Менің ойымша, олар бір ғана міндетті көздейді: халықты тыныштандырып, біз жұмыс істеп жатырмыз деген кейіп танытады. Алайда айтқан жаңалықтарында еш жерде нақты мерзімі көрсетілмеген. Биыл ма, әлде жүз жылдан кейін бе? Мүмкін ЖЭО келесі мыңжылдықта газға ауысатын шығар?

Уақыт өткізуге тырысуда

Экологиялық белсенді  ЖЭО-2 туралы мамандар белсенді талқылай бастағаннан кейін ғана осындай мәлімдеме жасағанына сенімді.

— «Самұрық-Энерго» ұсынған нұсқалар мамандардың көңілінен шықпай отыр. Олардың пікірінше, ұсынылған барлық нұсқа өте күмәнді. Оған қоса

холдинг ең арзан нұсқаны — ескі қазандықтарды газ қазандықтарына ауыстыруды ұсынады. Бұл — пайдасыз шешім.

Менің ойымша, осы пікірталастың аясында,  жағдайды реттеу үшін қандай да бір әрекеттер жасалуда.

Компания  ЖЭО-3-ті көмірден газға көшірудің алдын ала есептеулерін 2019 жылы аяқтады. Бірақ 2020 жыл аяқталып келеді,  бұдан басқа ештеңе жасалмады. Есептер дайын тұрса, неге іске кіріспейді?! 3-ЖЭО бойынша ешқандай жұмыс жүргізілген жоқ.

Сарапшы компания уақыт өткізуге тырысуда деп тұжырымдады. Жаңалық тақырыпқа ғана көңіл бөлетіндерге арналған.

— Адам ЖЭО-ның газға ауыстырылатынын оқып, құрылыс жүріп жатыр, біреулер жұмыс істеуде деп ойлайды. Сөйтіп бір-екі жыл бойы тынышталады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз