Алматы облысында сұмдық апатқа себепкер болған жылқының иесіне іздеу жарияланды Алматы облысында жантүршігерлік жол апатына себепкер болған жылқының иесі іздестіріліп жатыр деп хабарлайды КТК.
Тас қараңғыда жолға ытқып шыққан жылқы көлікпен соқтығысып, салдарынан 14 жастағы қыз ажал құшқан еді. Апаттан миы шайқалып, дене жарақаттарын алған 7 жолаушы қазір ауруханада жатыр. Оның төртеуі балалар.
Қайғылы оқиға 17 қыркүйекте түнгі сағат 11-лер шамасында Талғар-Ақбұлақ тас жолында болған.
Еш алаңсыз қалаға бағыт алған көлік, кенеттен қалың ағаштардың арасынан жүгіріп шыққан жылқыны соққан.
Жүргізуші ірі қара малды 40 метрге дейін сүйреп, мына ағашқа жаншылып тоқтады.
Зулап келе жатқан көлікке қос тұяғын сермей атылған жылқы әйнекті сындырып, алдында отырған жүргізуші мен 14 жастағы қызды басып қалған. Салдарынан Алина Азаматқызы оқиға орнында тілге келместен көз жұмды.
Тағы төрт бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілсе, қара жамылған отбасының отағасы дін аман.
https://kaz.365info.kz/barmajsyn-degem-kelinshegi-telezhyrgizushi-bop-ketken-khajrat-nyrtas-osylaj-byrkh-ete-tysti-video-332753
Айнабек ТӨЛЕУБАЙ Талғар қаласы орталық ауруханасының травматологы:
-Айша деген қыздың сан жілігі сынған. Бетінде жарақаттары болған. Қалған балалардың бастарына рентген түсірдік. Ешқандай сынық көрмедік. Үшеуінде жабық ми жарақаты бар.
Бұл өмірі қыршыннан қиылған өрімдей қыздың анасы Гүлзада Бегімбетова.
Апаттан миы шайқалып, бет сүйектері сынған ол тұңғышынан қапыда айрылғанын әлі бейхабар.
Қайғылы оқиғадан есеңгіреген ана құрсағындағы алты айлық сәбиінің амандығына шүкіршілік етеді.
Гүлзада БЕГІМБЕТОВА зардап шегуші:
– Қызым ес-түссіз жатты болды. Ары-бері жүгіре бердім. Сосын бір машина келді. Жедел жәрдем шақырып жіберіңізші дедім.
Жолды кесіп өтпек болған жылқыны түннің қою қараңғылығында аңғармай қалған жүргізуші Медғат жол жиегінде мал жайған бақташының әрекетіне ызалы. Тіпті, оқиға орнынан тайып тұрғанын өз көзімен көріпті.
Медғат БЕКТҰРОВ көлік жүргізушісі:
-Мені қысып тастады. Талып қалдым.Жылқы жерге түскенде есімді жинадым. Өкпем ашылып, қайта ояндым.Жылқы үстімде тұра берсе өліп кетуім мүмкін еді.Ол қарап тұрды. Сосын қашты. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
https://kaz.365info.kz/bes-ajlygynda-tastap-ketti-moldir-auelbekova-kyjeuimen-azhyraskhanyn-mojyndady-video-331831
Тәртіп сақшылары төрт түліктің тас жолдағы бей-берекет жүрісін қадаламаған жылқының иесін іздестіріп жатыр. Алайда, жақын маңдағы ауылдардан жылқысын жоқтаған тірі жан жоқ.