Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Саламатты Қазақстан” пойызының техникалық қауіпсіздігі туралы есеп берілді

Бұл туралы СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Евгений Журавлев айтты.

Тайынша және Аққайын аудандарының тұрғындары, ауыл тұрғындарың диагностикадан өткізу және емдеу мақсатымен Заречная және Қиялы станциясында жақында болып кеткен «Саламатты Қазақстан» пойызының медициналық қызметкерлерін жақсы қонақ ретінде қарсы алды. Қазанның аяғында заманауи диагностикалық және медициналық құрылғылармен жабдықталған «дөңгелектегі емхана» СҚО Жамбыл және Ғ.Мүсрепов аудандарында болып қайтты, ал Көкшетау-2 станциясы көршілерімізге барғаннан кейін бізге олар екінші рет келген болатын.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің «Апаттар медицинасы темір жол госпитальдары» акционерлік қоғамы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бірлесіп іске қосқан жобасы еліміздің шалғай аймақтарының тұрғындарын медициналық байқаудан өткізіп, бірқатар басым бағыттар бойынша медициналық көмек көрсету, халықты сауықтандыру өз алдына мақсаты ретінде қояды.

Пойыз 8 вагоннан тұрады,оның төртеуі медициналық. Онда диагностика және науқастарды емдеу толық кешенінен, шағын ота жасау заманауи клиникалық-диагностикалық, инструменталдық және ренгенологиялық құрылғылармен жабдықталған 15 медициналық кабинет бар. УЗИ және флюорографиялық байқаудан өту мүмкіндіктері бар. Жүрмелі зертхана сізге жыныс жүйесінің ауруларының, ревматикалық аурулардың болуына, қандағы қант деңгейін, холестеринді, гемоглобин деңгейін анықтауға арналған экспресс сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді.

Біліктілік деңгейі туралы медицина қызметкерлері, олардың барлығы – терапевт, хирург, кардиолог, гинеколог, невропатолог, офтальмолог, ЛОР, уролог, педиатр және маммолог – бірінші және жоғары санаттағы дәрігерлер екені айтады. Дәрігерлердің айтуы бойынша, жұмыс күннің ішінде 100-ден 300 науқасқа дейін қабылданады. Тайыншалықтар мен аққайындықтардың көбі кардиолог, невропатолог, ЛОР-маманы, хирург және офтальмолог қабылдауында болды.

Екі күннің ішінде қиын жұмыс барысында пойыз дәрігерлері 264 адамды қабылдады, олардың 40-ы – балалар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз