Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Сақтанған шығар… Алагөзов байлығын жақындарының атына аударып жіберіпті

279

2016 жылдың 26 желтоқсанында GALANZ bottlers АҚ ұйымдастырған кезектен тыс жиналысының  директорлар кеңесінің жаңа төрағасы болып Ильдана Қазамамбетов сайланған. Тіпті, Алагөзов бұл компанияның негізгі акционерлері қатарында да жоқ екені белгілі болды.

Жоғарыда аталған кезектен тыс жиналыста Тұрсынғали Алагөзовтың атындағы компанияның 50% акциясы Ляйсира Алагөзованың атына аудару мәселесі қаралған.

Ляйсира Алагөзованың қазіргі уақытта Тұрсынғали Алагөзовке кім боп келетіні БАҚ беттерінде жиі талқылану үстінде.

“Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде біреулердің ұйымдастыруымен менің өміріме және отбасыма шамадан тыс әрі жайсыз қызығушылық танытып отыр. Назар аударуларыңызды сұраймын, 2017 жылдың 2 ақпанында “Нұр” ақпарат порталында “Болашақ апалы-сіңлілер Әмина Алагөзова мен Айсәуле Бақытбек қандай тұрмыс кешіп жатыр” деген тақырыппен мақала шықты. Бұл мақалада жалған мәлімет бар, себебі Тұрсынғали Алагөзов пен Ляйсира Алагөзова бүгінде (2017 жылдың 8 ақпаны) некеде ме, жоқ па – тексерілмеген”,- деп жазды Тұрсынғали Алазөвтің қызы Амина Алагөзова. – Менің отбасыма қатысты, оның ішінде мен – Алагөзова Амина Тұрсынғалиевнаға және отбасы мүшелері – Алагөзова Ляйсира Маратовна, Алагөзов Арсен Тұрсынғалиевичтерге қатысты бұқаралық ақпарт құраларында сенімді әрі нақты мәлімет таратуларыңызды сұраймын”.

GALANZ bottlers АҚ жаңа басшысы Ильдан Қазамамбетов Тұрсынғали Алагөзовке қандай қатысы бар екені де белгісіз. Бірақ, бір нәрсе айқын: GALANZ bottlers АҚ-тың кезектен тыс жиналысының хаттамасында Ильдан Қазамамбетовтың 2014 жыл сәуір айындағы мекен-жайы Тұрсынғали Алагөзовтің қазіргі мекен-жайы деп көрсетілген.

Нәтижесінде, Тұрсынғали Алагөзов Баян Есентаева “Ол менің өмірімді өзгертті” деп әлеуметтік желіге жариялаудан бір апта бұрын GALANZ bottlers АҚ компаниясындағы барша активін туысқандарының атына өткізген секілді.

GALANZ bottlers АҚ компаниясы алкогольсіз ішімдіктер дайындаумен айналысады. Maxi чай және Nestea секілді сусындар да GALANZ bottlers АҚ компаниясынан шығады.

Дереккөз: baistars.kz

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз