Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
10
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

«Сақтай гөр!». Көкшетауда тойға бара жатқан адамдар жан түршігерлік апатқа ұшырады

Оқиға орнында туыстарын жоқтап жатқан бұлар – джипте отырған адамдар. Олар сенбі күні екі көлік болып Солтүстік Қазақстанның Айыртау ауданына тойға бара жатыпты. Жол апаты көз алдарында болған. «Прадоның» 2 жолаушысы сол жерде тіл тартпай кетті. Ал оның тізгінінде болған азамат ауруханада көз жұмды. Бүгін ауруханада «Прадоның» тағы бір жолаушысы қайтыс болды. Қазір 5 адам жан сақтау бөлімінде жатыр. Олардың бірі – сәби.

Мұратбек Бекмұхамбетов, травматолог- дәрігер:

– Барлығының жағдайы өте қиын. Жарақаттары көп алған. Бәрі ем алып жатыр. Қажет болған науқастарға жедел операция жасалды.

Ал «Деликада» болған жігіттердің біреуінің беті бері қарады.

Рамазан Қаһаров, зардап шегуші:

– 4 адам Астанаға кетіп бара жатыр едік. Қарсы жақтан екінші жолақта «Прадо» келе жатты. Аяқ астынан оның артынан басқа джип атып шықты да, бізге бетпе-бет келіп қалды. Оңға кетіп үлгермедік. Ар жағы есімде жоқ

«Деликадағы» 4 жігіт құрылысшылар екен. Солтүстік Қазақстанда көпір салып болып, Астанаға қайтып бара жатқан. Ал оларға қарсы келген джип Екібастұздан шығыпты. Ондағы қаза тапқан төртеудің екеуі – ерлі-зайыптылар.

– Оқиға Көкшетаудан 10 шақырым қашықтықта болды. Бетпе-бет келіп соғысып, сау-тамтығы қалмаған көліктердің сынықтары бұл жерде әлі де шашылып жатыр. Болжам бойынша, жол апатына «Прадо» себепкер болған. Қаза тапқандардың бәрі де джипте отырған адамдар.

Жан сақтау бөліміндегі адамдардың екеуінің жағдайына дәрігерлер әлі де алаңдаулы. Қазір жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз