Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Сақал өсіретіндерге салық төлету ұсынылды

224

Салық заңына түзетулер мен өзгертулер енгізу туралы жобаға сүйенсек:

Ұзындығы 12,4 см болатын қара сақал. Жылдық салық көлемі — 1530 АҚШ доллары.

Ұзындығы 12,1 см болатын жирен сақал. Жылына – 1240 АҚШ доллары.

Ұзындығы 11,8 см болатын боялған сақал. Жылына – 1127 АҚШ доллары.

Ұзындығы 11,6 см болатын шашпен тұтасқан сақал. Жылына – 1038 АҚШ доллары.

Ұзындығы 10,9 см болатын қолтықтағы жүн. Жылына – 841 АҚШ доллары.

Ұзындығы 10,4 см болатын әуреттегі жердегі жүн. Жылына – 12 АҚШ доллары.

1см 7 мм деген шекті көлемді денсаулық саласының мамандары мен теологтар бірлесе отырып, ақылдасып шешкен екен.

Сақалға қатысты Қазақстан халқы түрлі пікірде. Мәселен, Facebook желісін қолданушы Самат Насирдің айтуынша,

қазақ халқы әкесі өлмей сақал жібермеген.

Сондықтан ол қауға сақал өсіруге қарсы.

„Араб сөзінің бәрін Алланың ақ жолындағы нағыз мұсылманның иманды сөзі деп тықпалап, араб қатындарының шөлдегі құмды бораннан жүзін қорғау үшін киетін хиджабтары мен еркектерінің дамбалы мен көйлегін мұсылманның стандарт киімі деп, әкесі өлмей сақал қоймайтын, қойса да мұрт қана қойып үйренген асыл текті бекзат қазаққа теке сақал қойғызып елдің басын айналдырмаңыздаршы„ – дейді ол.

Сол секілді сақалсыз өзін елестете алмайтын мұсылмандар да көп бізде. Оны әлеуметтік желідегі қызу талқылаулардағы мына бір сөзден аңғаруға болады.

„Қатын секілді тықыр беттен Құдай сақтасын! Сабыр қылып, мұның артын да күтеміз„.

Демек, біздегі өзін сақалсыз елестете алмайтын ер-азаматтар салық төлеуге әзір секілді. Ал депутаттар бұған не дер екен? Бұл – келесі мақаламыздың талқы тақырыбы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз