Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Сайрам ауданында төтенше жағдай жарияланды

Сайрам әкімдігіндегілердің айтуынша, қазір төтенше жағдайды жарияламаса, кейін кеш болады. Осы күз-қыс болмаса да, келер көктемде Ақсу өзенінің аңғары сібір жарасынан өлген малдың қорымына жақындайды. Күйдіргі инфекциясының 100 жылға дейін жойылмайтынын ескерсек, Ақсу өзеніне инфекция түссе, өзенмен бірге Арыс және Сырдарияға түсіп, Аралға дейінгі аумақты улауы әбден мүмкін

«Өзен қазір сол сібір жарасы ошағынан 180-200 метр жерде ағып жатыр. Алайда, бұл өзен аңғарында көктемде су бірден көтеріліп, шайып кететін болса, инфекцияның таралмауына ешкім кепілдік бере алмайды. Адам шығыны, мал шығыны болуы мүмкін», – дейді Сайрам ауданы әкімінің кеңесшісі Ілияс Марин.

Өзен аңғарының қорымға жақындауына тас-құм карьерлерін бей-берекет қаза берген компаниялар да кесірін тигізген. Олардың жұмысын аудан басшылары әзірше тоқтатып тастапты. Төтенше жағдай жариялаған әкімдік күйдіргі қорымынан өзеннің аңғарын бұрып, өзен бойының бір мың 200 метріне бетоннан бөгет тұрғызу үшін 101 миллион теңгеден астам қаражат сұрап отыр.

Жұмысты бастап кеткен мердігер компания өкілдері қарашаның ортасына дейін межеленген жұмысты толық бітіреміз деп отыр. Қаржы бөлінбесе де әзірге қарызға цемент, арматура ағаш секілді құрылысқа қажетті дүниелерді сатып алыпты. Адам күші мен техникасы жеткенімен алайда ауа-райы қолбайлау болуы да әбден мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз