Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Сайрагүл Сауытбайқызы президент пен құзырлы органдардан көмек сұрады (видео)

147

https://kaz.365info.kz/prokuror-sajragyl-sauytbajdy-khytajga-bermeudi-zhane-sot-zalynan-bosatudy-syrady-325845

Құрметті елбасы және барлық құзырлы органдар, қоғам қайраткерлері! Мен секілді балапандарын сағынып әрең жеткен, өз елінен пана іздеп келген бір ананың қасіретті күйінішін ет жүректеріңізбен түсініп, халқымның үмітін ақтап, тарихи отанымда екінші рет өмір сүретін мүмкіндік берулеріңізді, балапандарымнан айырмауларыңызды сұраймын», – деді Сайрагүл Сауытбайқызы.

Қазақ деген халықтың назарына!Қазақстан деген мемлекеттің тізгінін ұстаған Елбасының және Ел ағаларының назарына!Алматы облысы ІІД КҚБ-ның бастығы – полиция полковнигі Е.Н.Алтаев мырзаның назарына!Өміріне бүкіл қазақ екі ай бойы күндіз-түні араша сұраған Сайрагүл Сауытбайдың Елге сәлемі.Тағы да "АРАША, Елбасы!" дейміз!

Gepostet von Сәуле Әбілдаханқызы am Mittwoch, 17. Oktober 2018

«Қазақ деген халықтың назарына! Қазақстан деген мемлекеттің тізгінін ұстаған Елбасының және Ел ағаларының назарына! Алматы облысы ІІД КҚБ-ның бастығы – полиция полковнигі Е.Н.Алтаев мырзаның назарына! Өміріне бүкіл қазақ екі ай бойы күндіз-түні араша сұраған Сайрагүл Сауытбайдың Елге сәлемі.Тағы да “Араша, Елбасы!” дейміз!», – деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.

Сайрагүл Сауытбайға Қазақстан саяси баспана беруден бас тартты

Естеріңізге салсақ, Сайрагүл Сауытбай – Қытай еліндегі этникалық қазақ. Екі жыл бұрын оның күйеуі мен екі баласы Қазақстанға көшіп келіп, азаматтық алған. Сайрагүлдің өзі Қытайда мемлекеттік қызметкер болғандықтан азаматтығын ауыстырмауды жөн көрген. Ол Қытай Коммунистік партия мүшесі болып, этникалық қазақтарға арналған мемлекеттік «саяси лагерде» жұмыс істеген. Биылғы көктемде отбасымен қауышу үшін шекара асып кеткен, алайда мамыр айында ұсталған. Қытай мемлекеті тарабы оны қайтаруды сұрап отыр.

Тамыздың 1-де болған сотта оны Қытайға қайтармау туралы шешім қабылданып, алты ай жаза мерзімі берілген.

Сайрагүл бұған дейін соңғы сөзін айтып, көмек сұраған еді. Екі баласы Қазақстанда анасыз тірі жетімнің күйін кешіп, әркімге жаутаңдаумен жүргенін, өзінің Қытайда құпия органына жұмыс істегенін айтты. Сайрагүл Сауытбай сот залынан босатылды. Сайрагүл үкіметтен босқын мен азаматтық алу үшін көмек сұрады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз